Халықаралық бағалау
Қазақстан 2007 жылдан бастап әлемнің 90-нан астам елдерінің қатарында ЭЫДҰ (PISA, Мектептерге арналған PISA, TALIS) және IEA (TIMSS, ICILS, PIRLS) өткізетін бірқатар халықаралық салыстырмалы зерттеулерге белсенді қатысып келеді. Халықаралық зерттеулер мектеп жасындағы оқушылардың білімі мен әртүрлі танымдық дағдыларын өлшейді.