Оқу сауаттылығы балалардың танымдық дамуы үшін де, олардың қазіргі қоғамда табысты алға жылжуы үшін де маңызды. PIRLS халықаралық зерттеуінің нәтижелері балалардың оқу дағдылары мен тіл және әдебиет сабақтарында қолданылатын әртүрлі оқыту әдістері арасында белгілі бір байланыс бар екенін көрсетеді. PIRLS-2021 шапшаң оқуды дамыту, оқушыларды оқуға ынталандыру және мәтінді түсіну дағдылары мен стратегияларын дамыту әдістері туралы құнды ақпарат ұсынады. Берліген мақалада мұғалімдердің PIRLS-2021 сауалнама деректерін талдау негізінде оқушылардың оқу үлгеріміне аталған әдістемелердің әсері қарастырылады. Талдау нәтижесінде балаларды оқуға үйрету кезінде ерекше назар аударуды қажет ететін кейбір әдістер анықталды: мәтінге скимминг және сканер жасау, оқығаны негізінде жалпылама қорытындылар тұжырымдау, ауызша сұрақтарға жауап беру, оқығанын бір-бірімен талқылау. Сонымен қатар оқыту процесін қолдау мақсатында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ұсыныстар беріледі.