Жаңа Конституция жобасы контексіндегі адами капиталды дамыту

Жаңа Конституция жобасының мәтінінде білім мен прогресс құндылықтарының ел қызметінің негізгі қағидаттарының бірі ретінде бекітілуін ерекше атап өткен жөн. Осы ұстанымның логикалық жалғасы ретінде адами капиталды, білім беруді, ғылымды және инновацияларды дамыту мәселелерінің мемлекеттің стратегиялық қызмет бағыттары ретінде танылуы көрініс тапқан.


Адами капиталдың тиімді дамуы, сөзсіз, барлық деңгейлерде көрсетілетін білім беру сапасына қойылатын жағдайлар мен талаптарға, соның ішінде елдің технологиялық даму векторын ескере отырып, тікелей байланысты. Осыған орай білім беру жүйесінің сапасын арттыруға кедергі келтіріп отырған жүйелі проблемаларды анықтау мәселелері өзекті бола түсуде.


Осы тұрғыда Қазақстанның білім беру жүйесінің нәтижелік көрсеткіштерін соңғы өткізілген халықаралық салыстырмалы білім сапасын бағалау зерттеулері (PISA, TIMSS, PIRLS) аясында терең талдау қажеттілігі арта түседі.