4 ақпан күні а.ж. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ ұжымымен «Білім алу құқығы. Мемлекеттік биліктің негізгі институттары» тақырыбында конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында жаңа Конституция жобасының 33-бабындағы азаматтардың білім алу құқығын іске асыруға қатысты нормалар талқыланды. Сонымен қатар білім мен ғылым құндылықтарының Қазақстан Республикасы қызметінің іргелі қағидаттарының бірі ретінде конституциялық деңгейде бекітілгені, сондай-ақ адами капиталды дамыту мен білім берудің мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде танылғаны атап өтілді.
Сондай-ақ биліктің жаңа институттары туралы нормаларға түсіндірме берілді: Вице-Президенттің, Құрылтай, Қазақстан Халық Кеңесінің мәртебесі мен өкілеттіктері.