PISA

PISA нені бағалайды?

PISA (Programme for International Student Assessment) — Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 2000 жылдан бері үш жылдық циклмен жүргізіп келе жатқан 15 жасар жасөспірімдердің оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығын бағалайтын халықаралық салыстырмалы зерттеу. 

Қатысушылар

PISA зерттеуіне 15 жас 3 айдан 16 жас 2 айға дейінгі мектеп пен колледждердің білім алушылары қатысады, өйткені көптеген ЭЫДҰ елдерінде осы жастағы білім алушылар міндетті орта білім беру кезеңін аяқтап, ересек өмірге дайындала бастайды.

Бағалау құралдары

PISA когнитивтік тесттер арқылы үш басым бағыт бойынша – оқу, математикалық және жаратылыстану – сауаттылық деңгейін бағалайды, сондай-ақ сауалнама жүргізу арқылы контексттік деректер жинайды.

Қатысушы елдер

Жыл сайын PISA зерттеуіне қатысуға ниет білдірген елдер саны артып келеді. Мысалы, PISA-2009 зерттеуіне 65 ел/аумақ, PISA-2022 зерттеуіне 81 ел/аумақ қатысты.

Ұйымдастырушылар мен серіктестер
Кесте

PISA зерттеуі үш жылдық циклдармен жүргізіледі. Келесі цикл 2025 жылы өтеді.