PIRLS

Бағалау туралы

PIRLS (Progress in International Reading Literacy Study) – 4-сынып оқушыларының оқу сауаттылығын мониторингтік зерттеу. Зерттеудің мақсаты – оқушылардың оқу жетістіктерінің тенденцияларын өлшеу, оқуға үйрету және оқыту процесін жетілдіру мақсатында ұлттық білім беру жүйелеріндегі айырмашылықтарды анықтау.

Қатысушылар

PIRLS зерттеуінің мақсатты тобы – бастауыш мектептің 4-сыныбын аяқтағалы отырған оқушылар. Қатысушыларды IEA көп сатылы стратификацияланған іріктеу әдісі арқылы таңдайды. Бұл әдіс екі кезеңді қамтиды: мектепті іріктеу және сыныпты іріктеу.

Бағалау құралдары

PIRLS зерттеуі барысында іріктелген оқушылар оқығанын қалай түсінгендігін анықтауға бағытталған тест тапсырады. Сонымен қатар оқушының оқуы мен дамуына әсер ететін факторлар туралы контекстік ақпарат жинау мақсатында оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер және мектеп әкімшілігі арасында сауалнама жүргізіледі.

Қатысушы елдер

PIRLS зерттеуіне әлемнің 50-ден астам елдері қатысады. Бұған қоса өңірлер (мысалы, штаттар немесе провинциялар), қосымша сыныптар (мысалы, 3 немесе 5-сыныптар) немесе тілдік топтар сияқты ел ішіндегі субъектілер бенчмаркинг шеңберінде қатыса алады.

Кесте

PIRLS зерттеуі бес жылдық циклдармен жүргізіледі. Келесі цикл 2026 жылы өтеді.