ICILS

Бағалау туралы

ICILS (International Computer and Information Literacy Study) – 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын (КАС) бағалайтын халықаралық зерттеу. Зерттеуді 2013 жылдан бастап әр 5 жыл сайын IEA (International Association for the Evaluation of Educational Achievement) Халықаралық оқу жетістіктерін бағалау қауымдастығы жүргізеді.

Қатысушылар

ICILS зерттеуінің мақсатты тобы – негізгі орта мектептің сегізінші сынып оқушылары. 8-сынып оқушыларының орташа жасы 13,5 жастан төмен кейбір елдерде мақсатты топ ретінде 9-сынып оқушылары қатысады. Қатысушыларды IEA көп сатылы стратификацияланған іріктеу әдісі арқылы таңдайды.

Бағалау құралдары

ICILS зерттеуі толығымен компьютерлік форматта өткізіледі. Ол үшін арнайы ICILS Student software тестілеу бағдарламасы және Online Survey System онлайн-сауалнама жүйесі әзірленген. Сауалнама зерттеудің барлық қатысушылары (8-сынып оқушылары, пән мұғалімдері, мектеп әкімшілігі, АКТ үйлестірушілері) арасында жүргізілсе, компьютерлік тестілеуді тек оқушылар орындайды.


Қатысушы елдер

ICILS зерттеуіне әлемнің 30-дан астам елдері қатысады. Бұған қоса, арнайы өңірлер (мысалы, штаттар немесе провинциялар) сияқты ел ішіндегі субъектілер бенчмаркинг шеңберінде қатыса алады.

Кесте

ICILS зерттеуі бес жылдық циклдармен жүргізіледі.