"Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің қызметі" талдамалық жазбасы

Синопсис:

Талдамалық жазбада Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің жұмысы қарастырылған. Республиканың 20 өңіріндегі 5 000-нан астам мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері арасында жүргізілген онлайн-сауалнама негізінде АКП қызметінің талдауын «А. Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ әзірледі.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында құрылған ата-аналарға арналған консультативтік пункттер (АКП) балалары МДТО-мен қамтылмаған ата-аналарға әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетуге арналған. АКП жұмысы ұйым директоры, әдіскер, мұғалім, музыка жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы, тәрбие психологы, логопед, медбике, қазақ тілі пәнінің педагогі сияқты мамандардың арасындағы пәнаралық ынтымақтастыққа негізделген. АКП ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытумен қамтуды ұлғайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруда, ата-аналарға қажетті психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетумен және тәрбие мен білім беру бойынша ұсыныстармен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Олардың қызметі сапалы білім беру қызметтеріне қол жеткізудегі теңсіздікті азайтуға, ата-аналардың құзыреттілігін арттыруға және бала тұлғасын дамытудың негізгі ортасы ретінде отбасы институтын нығайтуға бағытталған.