Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің ахуалы мен дамуы туралы Ұлттық баяндама (2024 жылдың деректері бойынша)

Синопсис:

Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасының 2024 жылғы деректері негізінде мектепке дейінгі білімнен бастап техникалық және кәсіптік білімге дейінгі негізгі білім беру деңгейлерін қамтиды, сондай-ақ қосымша, инклюзивті және арнайы білім беруге арналған жеке тараулардан тұрады. Баяндама білім саласында қол жеткізілген нәтижелерді көрсетіп, өзекті сын-қатерлерді сипаттап, білім беру саласындағы саясатты айқындайтын шешімдер үшін бағдар ретінде қызмет етеді.

Баяндама Қазақстанның 2024 жылдағы білім беру жүйесінің ахуалы мен қол жеткізген нәтижелері туралы халықты, педагогикалық қауымдастықты, мемлекеттік органдардың басшыларын және халықаралық сарапшыларды хабардар етуге арналған.