Қазакстан Республикасы білім беру жуйесінің ахуалы мен дамуы туралы Ұлттық баяндама (2018 жылдың, қорытындысы бойынша)

Синопсис:

ЭЫДҰ сарапшыларының бағалауына сәйкес Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің ахуалы мен дамуы туралы Ұлттық баяндаманың жыл сайын жариялануы елдің басқару жүйесіндегі транспаренттілігі мен есеп берушіліктің басымдығын көрсетеді. Бүгінде әлем елдерінің жартысына жуығы мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламаларды іске асырудағы өз дамуын талдайтын, білім беру саласындағы ұлттық мониторингтік есептерін шығарады. ЮНЕСКО-ның соңғы деректеріне сәйкес, Қазақстан ұлттық баяндамаларды жыл сайынғы негізде жариялайтын елдердің қатарында.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің ахуалы мен дамуы туралы Ұлттық баяндаманың негізіне ҰБДҚ ресми статистикасы мен СЖРА Ұлттық статистика бюросының деректері, орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынған мәліметтер, халықаралық салыстырмалы зерттеулер деректері кірді. Ұлттық баяндамада білім беру жүйесінің мәселелері қарастырылады және оларды шешу үшін жауапты саяси шаралар ұсынылады.