Тоғызбай Серік Сейдеханұлы
Басқарма төрағасының орынбасары
Туған күні: 22 қараша 1981 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы
Образование:
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласындағы Қапланбек гуманитарлық ауыл шаруашылығы колледжін «Банк ісі» бойынша, Тараз қ. «Әулие-Ата» атындағы университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, Шымкент қаласындағы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Карьера
Еңбек жолын 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласында есепші болып бастаған.
2004-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы бойынша Салық комитетінің ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2005-2006 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Астана қаласы бойынша «Астана – Жаңа қала» Салық комитетінің бухгалтерлік есеп және ақпараттық технологиялар басқармасының жетекші, бас маманы болып жұмыс істеді.
2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттық технологиялар департаментінің Интеграция және жобаларды дамыту басқармасының, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Электрондық қызметтерді дамыту басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.
2010 - 2014 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.
2014 – 2017 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Ақпараттандыруды дамыту департаментінің ақпараттық қауіпсіздік басқармасын басқарды.
2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Цифрландыру департаменті директорының орынбасары, директоры (техникалық қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік) қызметтерін атқарған.
2019 – 2021 жылдары Әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша АЖ дамыту және қолдау департаментінің директоры қызметін атқарды.
2021 - 2022 жылдары «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК Ақпараттық-статистикалық жүйелерді дамыту және сүйемелдеу департаментінің директоры қызметін атқарды.
2022-2023 жылдары «Электрондық қаржыландыру орталығы» АҚ бюджеттік жоспарлауды цифрландыру департаментінің директоры қызметін атқарды.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.