TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) – IEA Білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық 1995 жылдан бері 4 жылдық циклдармен жүргізетін бастауыш және негізгі мектептегі білім беру сапасын бағалайтын ең ауқымды халықаралық зерттеулердің бірі. Зерттеудің мақсаты – бастауыш және негізгі мектеп оқушыларының жаратылыстану және математикалық дайындығының сапасын бағалау.
Зерттеуге 4 және 8-сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі, математика және жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері, 4-сынып оқушыларының ата-аналары қатысады. Қатысушыларды IEA көп сатылы стратификацияланған іріктеу әдісімен таңдайды, ол екі кезеңнен тұрады: мектептерді іріктеу және сыныптарды іріктеу.
TIMSS халықаралық зерттеуі екі бағыт бойынша жүргізіледі – математикалық және жаратылыстану ғылымдары, онда білім алушылардың жалпы білімі және зияткерлік дағдыларды меңгеруін бағалауға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар оқушының жетістігі мен дамуына әсер ететін факторлар туралы контекстік ақпарат алу үшін оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер және мектеп әкімшілігі арасында сауалнама жүргізіледі.
TIMSS зерттеуіне әлемнің 60-тан астам елі қатысады.
TIMSS зерттеуі 4 жылдық циклмен жүргізіледі.