TALIS (Teaching and Learning International Survey) — мектептегі білім беру ортасы мен педагогтердің еңбек ету жағдайларын қарастыратын ең ауқымды халықаралық зерттеу. Зерттеу Экономикалық ынтымақтасу және даму ұйымының (ЭЫДҰ) басшылығымен өткізіледі.
TALIS зерттеуіне мектеп мұғалімдері мен мектеп басшылары (директор) қатысады.
Қатысушылар өз білімі, тәжірибесі, біліктілігі, кәсіби дамуы, педагогикалық қызметі, мектеп климаты және т. б. сұрақтар бойынша топталған сауалнама сұрақтарына жауап береді.
Ауқымды халықаралық TALIS зерттеуіне қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. TALIS-2008 зерттеуіне 25 ел/аумақ қатысса, TALIS-2024 зерттеуіне 54 ел/аумақ қатысуды жоспарлап отыр.
TALIS зерттеуі алты жылдық циклдармен жүргізіледі.