PISA-2022 халықаралық зерттеуі басталды

2022 жылғы 4 сәуірде бүкіл Қазақстан бойынша бір мезгілде PISA ауқымды халықаралық зерттеуі басталды. Бірінші күні тестілеуден Республиканың барлық облыс орталықтары мен қалаларының 24 оқу орнының оқушылары өтті. Ағымдағы жылы PISA-ға еліміздің барлық өңірлерінен 493 мектеп пен 84 колледж қатысады, бұл шамамен 19 мың оқушы.

PISA жалпы міндетті білім алған 15 жастағы білім алушылардың оқу, математика және жаратылыстану саласында қоғамда толыққанды жұмыс істеу (функционалдық сауаттылық) үшін қажетті білімі мен іскерлігі бар-жоғын бағалайды. Зерттеу циклдік түрде – үш жылда бір рет жүргізіледі және екі бөлімнен тұрады: тестілеу және оқушыларды компьютерлік форматта сауалнама жүргізу. Барлық білім беру ұйымдарында тестілеу рәсімі ЭЫДҰ стандарттарын сақтай отырып жүргізіледі.

Қазақстан зерттеуге 2009 жылдан бері қатысады. Қазақстанның халықаралық зерттеуге қатысуы 15 жастағы оқушылардың білімі мен дағдыларының деңгейі туралы тәуелсіз деректер алуға және біздің нәтижелерімізді басқа елдермен салыстыруға, білім берудегі жүйелі проблемаларды анықтауға және оларды жақсарту үшін тиісті шаралар әзірлеуге мүмкіндік береді. Оқушылардың барлық жауаптары құпия деректер болып табылады және жария етілмейді.