Қазақстанда ICILS-2023 зерттеуін өткізу туралы

Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында Қазақстанның барлық өңірлерінде ICILS-2023 халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңі өтеді.

ICILS зерттеуі мектептердің 8-сынып оқушыларының бүгінгі цифрлық дәуірде қажетті компьютерлік және ақпараттық сауаттылығының даму деңгейін бағалайды. ICILS-2023-ке Қазақстанның республикалық маңызы бар 3 қалаларынан және 17 өңірінен 176 мектеп (4000-нан астам оқушы, 2500-нан астам мұғалім, 176 мектеп директоры мен АКТ-үйлестірушілері) қатысады.

ICILS зерттеуін Халықаралық білім жетістіктерін бағалау қауымдастығы (IEA) 2013 жылдан бері әр 5 жыл сайын өткізеді. ICILS-2023-ке әлемнің 30-дан астам елі қатысады. Зерттеу арқылы оқушылардың техникалық құзыреттілік деңгейін (компьютерлік сауаттылық) және ақпаратты пайдалану дағдыларын (ақпаратты іздеу, өңдеу, бөлісу және басқару) бүкіл әлем бойынша салыстыруға мүмкіндік беретін бірегей және сенімді ақпаратқа қол жеткізуге болады.

Қазақстан зерттеуге алғаш рет 2018 жылы қатысты. Зерттеу толығымен компьютерлік форматта өткізіледі. Оқушылар тестілеуден өтіп, сауалнама толтырады. Өз кезегінде, сауалнамаға мектеп әкімшілігі, 8-сынып пән мұғалімдері және мектептің АКТ-үйлестірушілері қатысады. Бұл оқушылардың оқу үлгеріміне әсер ететін фактілерді жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелері бойынша халықаралық есеп 2024 жылы, ал ұлттық есеп 2025 жылы жарияланады.