Орталық 2024 жылдың 25-26 қаңтары аралығында TALIS-2024 негізгі зерттеуіне және PISA-2025 зерттеуінің апробациясына дайындық бойынша екі күндік семинар өткізді. Семинарға TALIS-2024 зерттеуінің мектеп үйлестірушілері, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Ақмола облысынан PISA-2025 зерттеуінің 100-ге жуық облыстық үйлестірушілер қатысты.
TALIS (Teaching and Learning International Survey) педагогтердің еңбек жағдайлары мен мектептердегі білім беру ортасын зерттейтін ең ірі халықаралық зерттеу болып табылады. Зерттеу Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) басшылығымен өткізіледі. TALIS зерттеуіне мұғалімдер мен мектептің бірінші басшысы (мектеп директоры) қатысады. Зерттеуге қатысушылар білім, тәжірибе мен біліктілік, кәсіби дайындық, педагогикалық қызмет, мектеп климаты және т.б. туралы сауалнама сұрақтарына жауап береді.
Семинарда Орталықтың Басқарма төрағасының орынбасары Қамбатырова А.С. кіріспе сөз сөйлеп, Қазақстанның PISA және TALIS зерттеулеріне қатысуының маңыздылығын атап өтті. 2024 жылы TALIS-2024 негізгі зерттеуіне 378 мектеп, PISA-2025 зерттеуінің апробациясына 48 білім беру ұйымы қатысады.
Семинар барысында қатысушылар TALIS және PISA зерттеулерінің мақсаттары және міндеттерімен, сондай-ақ өткізу тәртібімен танысты. Сонымен қатар TALIS-2024 негізгі зерттеуінің құралнамасы ұсынылды және алдыңғы TALIS-2018 циклының халықаралық және ұлттық нәтижелері талқыланды. Семинар интерактивті форматта өтіп, қатысушылар практикалық сессияларға қатысып, өз пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
TALIS-2024 зерттеуіне қатысатын мектептерге арналған осындай семинарлар еліміздің барлық аймақтары үшін бірнеше лекпен өтетінін атап өту керек.