2024 жылғы 7 қарашада функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу бойынша оқулық авторларына арналған вебинар өтті

“А. Байтұрсынұлы атындағы “Талдау” ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы” Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаментінің мамандары Дыбачевская Н. және Баймағанбетов М. Республикалық білім мазмұнын сараптау ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп, оқулық авторларына вебинар өткізді. Вебинар барысында баспаларға және жаратылыстану, математика мен гуманитарлық пәндер бойынша (қазақ/орыс тілі және әдебиеті) оқулық авторларына PISA зерттеуінің негізгі бағыттарының бағалау тұжырымдамалары түсіндірілді.

PISA зерттеуі - бұл 15 жастағы білім алушылардың оқу, математика және жаратылыстану пәндері бойынша функционалдық сауаттылық деңгейін бағалауға бағытталған ірі халықаралық салыстырмалы зерттеу.

Вебинардың мақсаты - оқулық авторларын білім алушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететін, оларды шынайы өмірге дайындайтын оқу материалдарын құрастыру үшін PISA зерттеуінің бағалау әдіснамасымен таныстыру.

Вебинар барысында қатысушылар құпиялылық режимінен шыққан PISA тапсырмаларын талдап, қазақстандық білім алушылардың бұл тапсырмаларды қалай орындағанын талқылады.