200 мектеп пен колледж «Мектептерге арналған PISA» пилоттық зерттеу нәтижелері бойынша есептерін алды.
2021 жылы еліміздің барлық өңірлерінен 200 мектеп пен колледж «Мектептерге арналған PISA» пилоттық зерттеуіне қатысты.
«Мектептерге арналған PISA» (PBTS) 15 жастағы оқушылардың дағдыларын PISA зерттеуінің негізгі бағыттар бойынша бағалайды: оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы. Дәстүрлі зерттеуден айырмашылығы, PBTS жеке мектеп деңгейінде бағалау жүргізеді және халықаралық цикл кестесінен тыс деректерді алуға мүмкіндік береді.
2021 жылдың күзінде өткізілген апробациялық кезеңнің қорытындысы бойынша зерттеуге қатысқан мектептер мен колледждер 15 жастағы оқушылардың дағдылар деңгейі туралы есеп алды. «Мектептерге арналған PISA» зерттеуінің нәтижелері PISA-2018 елдегі және әлемдегі басқа мектептердің нәтижелерімен салыстырылады. Бұл мектептерге өздерінің әлсіз және күшті жақтарын талдап, білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Танымдық қабілеттердің деңгейін өлшеуден басқа, PBTS оқушылардың оқуға, мектепке және жалпы білім беру ортасына қатынасын бағалайды. «Мектептерге арналған PISA» есептерінде оқушылардың білім деңгейі, олардың әлеуметтік-эмоционалды дағдылары, мектеп климаты туралы нақты деректер бар. Осының барлығы білім басқармаларына, директорлар мен оқытушыларға проблемалық мәселелерді шешу үшін неғұрлым тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Зерттеу аясында жиналған мәліметтер мен нәтижелерді түсіндіру мақсатында «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ зерттеудің облыстық және мектеп үйлестірушілерге арналған бірқатар вебинарлар жүргізеді.